Тақырып 13. Экономикалық дамудың циклдылығы.   Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

 

1.Рыноктық экономиканың циклдылығы. Циклдық ауытқудың сыртқы және ішкі себептері. Экономикалық цикл және оның фазалары.

 2.Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының   мазмұны.

3.Инфляция ұғымының мазмұны. Қазіргі кездегі инфляцияның себептері

 

       Нарықтық  экономика  толқын  тәрізді  немесе  циклді  дамиды,  ол  көп  факторлардың  іс-әрекетімен  анықталады.  Нарықты  экономикамен  дамып  келе  жатқан  елдердің  бәріне  тән  белгі  экономикалық  цикл.

         Экономикалық  цикл  дегеніміз  тұрақты  дүркін-дүркін  нарықтық  конъюнктураның , экономикалық  белсенділіктің  өрлеп,  қайта  төмендеп  қайталанып  отыруы.  Ал, цикл экономиканың  өрлеуден  қайта  дағдарысқа  дейінгі  қозғалыс  уақыты.  Циклділіктің  ерекше  өзіне  тән  қасиеті,  қозғалыс  дөңгелек  айналымымен  емес,  спераль  бойымен  қозғалыста  болады,  ал әр  жаңа  спираль  қоғам  дамуын  жоғары  сатыларға  көтерумен  сипатталады. 

         Нарықтық  шаруашылықта  циклділік  экономиклық  дағдарыстың  артық  өндіру  түрінде  көрініс  табады.  Белгілі  жай,  ұдайы  өндірістің  қалыпты  жағдайы  қоғамдық  ұдайы  өндірісінің  әр  түрлі  бөліктерінің  арасында  белгілі  бір  тепе-теңдік,  қатынас  болғанда  ғана  мүмкін,  ең  бірінші,  өндіріс  пен  тұтынудың  арасындағы  теңдік  болып  табылады. 

         Экономикалық  дағдарыстың  негізгі  және  абстрактылық  мүмкіндігі  сонау  жай  тауар  өндірісі  жағдайында-ақ  пайда  болған.  Ақшаның  айналыс  және  төлем  құралы  ретінде  атқаратын  қызметіне,  сонымен  қатар  жай  тауар  өндірісіндегі  жеке  және  қоғамдық  еңбек  арасындағы  қайшылыққа  тікелей  байланысты. Жеке  тауар  өндірушілер  қоғамдық  қажеттілікпен  сұраныстарды  білмей  және  еске  алмай-ақ  тауар  өндіре  береді.  Осыдан  барып  тауарлар  өздеріне  деген  сұранысты  таппай,  артық  тауар  болып,  нарықта  өтпей  қалуы  ықтимал.  Бұның  бәрі  дағдарстардың  жай  тауар  өндірісіндегші  абстрактылық  мүмкіншілігі.

         Абстрактылық  мүмкіншіліктер  нарықтық  жағдайда  айқындала  және  нақтылана  түседі.  Шынайы  мүмкіндікке  айналады.  Бұған  екі  жағдай:  капитал  айналымы  мен  ұдайы  өндірісі  әсер  етеді. 

         Нарық  жағдайында  капитал  айналысында  жеке  капиталдар  тұтасып,  бір-біріне  тәуелділікте  болады.  Сондықтан  капитал  айналымының  бір  сәт  үзіліске  ұшырауы  басқалардың  тағдырына  әсерін  тигізеді.  Қорыта  айтқанда,  жай  тауар  өндірісіне  қарғанда  сату  мен  сатып  алу  арасындағы  сабақтастықтың  үзілуі  экономикалық  дағдарысты  шындыққа  айналдырады.

         Екінші  факторы: ол  тауарды  несиеге  сатудың  жалпылама  құбылысқа  айналуында.  Етек  алған  бұл  құбылыс  қоғамның  бүкіл  шаруашылық  жүйесіне  әсер  етіп,  дағдарысқа  итермелейді. 

         Дағдарыстың  шынайы  мүмкіндігіне  айналуының  келесі  факторы  қоғамдық  капиталдың  ұдайы  өндірісі  жағдайынан  туындайды.  Демек,  қоғамдық  жиынтық  өнімді  сатып  өткізу  үшін,  өндіріс  құрал-жабдықтары  мен  тұтыну  заттарын  өндіру  көлемі  арасында,  сондай-ақ  осы  өндірістің  ішкі  бөліктерінде  белгілі  бір  пропорциялардың  сақталуы  қажет.  Ал  капитализмде  пропорцианалды  даму  мүмкіндігі  жоқ.  Сондықтан  экономиклық  дағдарыстың  шынайы  мүмкіндігі  қоғамдық  жиынтық  өнімді  сатып  өткізудің  шарттарының  бұзылуынан  туындайды.  Қорыта  айтқанда  тауарды  сату  мен  сатып  алу  арасында  үзіліс  болғанықтан  дағдарыста  сөзсіз  болады. 

         Экономикалық  даму  үшін  бұл  мәселелердің  маңыдылығы  ерекше  болғаны  соншалық,  XIX-XX  ғасырларда  жтекші  экономистердің  бірде-бірі  бұл  мәселеге  тоқталмай  өте  алмады.  Олардың  еңбектерінен  циклдық  дамудың  байланыстылығы  мен  объективтігін,  экономиклық  процестерге  әсерін  мойындаған,  циклдық  дамудың  себептерін  анықтауға  ұмтылған  әр  түрлі  пайымдауларды,  түсіндірулер  мен  болжамдарды  кездестіреміз. 

         Экономкалық  циклдардың  себебін  шартты  түрде  сыртқы  (экзогенді),  ішкі  ( эндогенді  )  және аралас  факторларға  бөлуге  болады. 

         Сыртқы  ( экзогенді)  факторлар – экономикалық  жүйеден  тыс  болып  жатқан  құбылыстар.  Оған  жататындар: адамдардың  санының  өзгеруі,  жаңалық  табу мен  инновациялар  соғыс  және  басқада  саяси  уақиғалар.

         Ішкі  ( эндогенді )  факторлар – экономиклық  жүйенің  өзінің  ішінде  болып  жатқан  құбылыстар.  Оларға  жататындар:  тұтыну,  инвестициялау  және  мелекеттің  іс-әрекеттері.

         Аралас  факторлар – циклдің  себебін  ішкі  және  сыртқы  факторларды  синтездеу  арқылы  анықтайды.  Олардың  авторларының  тұжырымдауынша: сыртқы фактор цикілдің бастапқы дүмпуін  туындатады, ал ішкі фактор тазалық – ауытқуға әкеліп соғады.

            Пайдаланып жүрген теорияларға қысқаша тоқталайық.

            1.Нақты ЖҰӨ цикілдік ауытқуының себебін мультипликаторлар мен акцелераторлар тиімділігінің іс- әрекетінің нәтижесінде пайда болады – деп тұжырымдайтын теориялар.

            2.Саяси іскерлік цикілінің теориясы (теория политического делогого цикла) бұл теория макроэономикалық ауытқудың себебі үкіметтің несие – ақша және салық бюджет салаларындағы саясатының нәтижесінде туындайды – деп  ұйғарады.Үкімет макроэкономикалық саясатында екі құралды бірдей пайдалануына мүмкіншілігі бар. Саясатшылардың іс - әрекеті елдің мейірімділігін (симпатия ) немесе сенімін жеңіп алу, олар соның нәтижесінде сайлануға тырысады.Сонымен, үкімет сайлаудан кейін қатаң несие – ақша және салық саясатын жүргізуге ірекет жасайды.Үкіметтің бұл саясаты экономиканың құлдырауға әкеліп соғады,осы кезеңде "жұмбақ" макроэкономикалық саясат жүргізу қажет болады, оны келесі сайлау алдында жүргізеді. Осы теорияны жақтаушылардың ойынша цикл кезеңі сайлау кезеңімен тура келеді (әр 5 жылда).

            3.Экономикалық цикілдің тепе – теңдік теориясы.Бұл теорияға сәйкес цикілділікті өнім шығарудың потенциалды ЖІӨ - нен ауытқуы мен емес, оның өзінің қысқа мерзімдегі ауытқуымен байланысты түсіндіреді.

            4.Нақты іскерлік цикілінің теориясы.Аталған теорияға сай макроэкономикалық ауытқудың себебін экономиканың бір немесе бірнеше салаларында өнімділіктің "шоктық" (естен тану, сандырақ ),өзгеруіне кеңірек айтатын болсақ - өндіріс технологиясының "шоктық"өзгеруіне байланысты болуы мүмкін – деп ұйғарады.

            Соңғы аталған теорияға байланысты атап өткен жөн, кейінгі кезде көп тараған теория ол импульсты - өрістету теориясы.Бұл теорияны қалыптастырушылар: 1969 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, Норвегия экономисті Ригнар Фриш (1895 – 1973жж) және орыс экономисті Евгений Слуцкий (1880 – 1948жж).Импулсті - өрістету теориясының мәні мынаған саяды: экономика өзінің дамуында көптеген импульстар мен  (ғылыми жаңалықтар, соғыс, игіліктерге салыстырмалы бағаның бірден өзгеруі, саяси режимнің ауысуы, ақша массасының бірден қысқырып немесе көбейіп кетуі т.б.) кезеседі,сондықтан олар цикілдік ауытқуға қозғау салады.

            Импульсті -өрістету цикілдарының теориясы белгілі бір сатыда цикілдың ішкі және сыртқы факторларын интеграциялайды: сыртқы (экзогенді) факторлар – жиынтық сұранымын немесе жиынтық ұсыным "шоктары" цикілдық ауытқуға қозғалыс жасайды, ал ішкі (эндогенді) факторлар (мультипликатор мен акселератордың өзара іс - әрекеті) ауытқуды тарату механизмін анықтайды.

            Қорыта айтқанда, жоғарыдағы келтірілген теориялардың бәрі белгілі бір дәрежеде цикілдық ауытқудың нақты себептерін көрсетеді.Бірақ – та бүгінгі күнге, әлде бір ауыздан мойындалған теория жоқ.

 

Экономикалық циклдердің  бір - бірінен ұзақтығына  және  интенсивтілігіне  байланысты  айырмашылықтары  бар. Осыған  орай  әдебиеттерде  үш  мерзімге  бөледі: қысқа, орта және  ұзақ.

Қысқа  мерзімді  экономикалық  циклдардың  американдық  Уэсли  Митчелл  мен  Джозеф  Китчин  ұзақтығы  3-4 жылға  созылады  және  оның  себебін  тауар мен материал  қорының  ауытқуымен  түсіндіреді. Қысқа  мерзімді  циклді  әдебиетте  Китчин  циклі деп  атайды.

Орта  мерзімді  экономикалық  циклдың  ұзақтығын   8 – 10  жылға  созылады  деп  тұжырымдайды. Бұл  кезеңді  зерттеп  өз  модельдерін  ұсынған  авторлар: К.Жугляр, К. Маркс, Дж. Кларк. Орта  мерзімді  циклді  К.Жуглярдың  атымен "Жугляр  циклы" деп  атайды.  Оның  себебі  циклды  өте  жан – жақты, толығымен  зерттеушілердің  алғашқыларының  бірі. Ғалымдар  қысқа  мерзімді  циклдан  гөрі  орта  мерзімді  көп,  жан – жақты  зерттеген.

Ұзақ  мерзімді  немесе "ұзын  толқын" циклының  теориясының  негізін  қалаушы  Петербург  университетінің  заң  факультетінің  түлегі  Н.Д.Кондратьев 1928 жылы  "Экономика институтының"  ғылыми  кеңесінің  жиналысында  "Большие циклы  конъюнктуры" деген  тақырыпта  баяндама  жасап  әлемге  әйгілі  болды.

 Экономикалық  конъюнктураның  үлкен  циклдары  тұжырымдамасының  мәнін  Н.Д. Кондратьев  былай  анықтады:

Қазіргі  экономикалық  теория  ұзақтығы  7 – 11 жылдық  циклді  ғана  біледі.  Алайда,  шындығында  мұнымен  қатар  ұзақтығы  шамамен 48 – 55 жылға  созылатын, конъюнктураның  басқа  да  циклдары  бар.  Біз  оны  үлкен экономикалық  циклдар  деп  атаймыз. Зерделеудің  негізгі  нәтижелері  төмендегідей  болды. Қолдағы  деректердің  көбі  48 – 55  жылға  созылатын  циклдік  ауытқулардың  барлығын  көрсетті. Егер есептеуді  XVIII ғасырдың  аяғынан  бастасақ, онда үлкен  циклдардың  кезеңдері  шамамен  мынадай  болған:

I цикл XVIII ғ. 90 жылынан 1844 – 1857 жылдарға  дейін;

II  цикл  1844 – 1851  жылдардан  1890 – 1896  жылдарға  дейін;

III  цикл  1890 – 1896  жылдардан  1914 – 1920 жылдарға (жоғары  толқын) дейін, 1914 – 1920  жылдардан (төменгі  толқын).  Байқалған  конъюнктураның  үлкен  толқындарын  кездейсоқ  себептермен  түсіндіру  мүмкін  емес. Оларды  түсіндіруді  шаруашылықтың  капиталистік  жүйесіне  тән  ерекшеліктерден  іздеу  керек.

Алғашқы  болжам  ретінде  мынадай  тұжырымдама  ұсынылды:

Өндіргіш  күштер  мен  өндірілген  материалдық  игіліктердің  қызмет  көрсетуі  түрліше. Осымен  қатар  оларды  жасауға  кететін  уақыт  әр  түрлі, әрі  әр  түрлі  құралдар  қажет. әдетте  өндіргіш  күштердің  негізгі  түрлерінің  қызмет  етуі  ұзақ  мерзімге  созылады. Сөйтіп  олар  көп  уақытқа  және  үлкен  көлемде  капиталдың  жиналуын  қалайды. Осыдан  келіп  экономикада  әр  түрлі  кезеңдерде, уақыттарда  қолданылатын тепе – теңдіктің  түрлері, көріністері  болады  деген түсінік  туады. Үлкен  циклдар  дегеніміз  ұзақ  кезеңдердегі  экономикалық  тепе – теңдіктің  бұзылуы  және  қалпына  келуі  деп  қарау  керек. Оның  негізгі  себебі  қорлану  механизмінде, өндіргіш  күштерді  жасауға  қажетті  капиталдың  жинақталуы  мен  жойылуында  жатыр. Алайда  осы  негізгі  себептің күшеюіне  екінші  қатардағы  факторлардың  әсері  бар. өрлеудің  басталуы (жоғарылау толқындары) қорланудың  жаңа  өндірістік  құралдар жасауға  капиталды  рентабельді  жұмсау  мүмкіндігімен  сәйкес  келеді. Өрлеу  өнеркәсіптік  дағдарыстың  орта  мөлшередегі   факторларының  қайшылығына  кездеседі. Экономикалық  өрлеу  қарқынының  төмендеуінің (төмендеу  толқындары) жағымсыз  сипаттары  экономикалық  факторлардың  қолануынан  болады. Ал бұлар  жетілген  техниканы  жасауға  және капиталдың  өнеркәсіп – қаржы  топтарының  қолына  шоғырлануына,  осы бағыттағы ізденіс  жұмыстарына  жол  ашады. Мұның  бәрі  жаңа  өрлеуге  алғы  шарт  жасайды  және  бұл  жаңа  өндіргіш  күштерінің  өсуін  қамтамассыз  етеді. К.Маркс экономикалық  циклдарға  сипаттама  бере  отырып, экономикалық  бір  дағдарыстан  екіншісіне  дейінгі  кезеңді  өнеркәсіптік  цикл  деп  атады. Өнеркәсіптік  цикл  төрт  фазадан  тұрады: дағдарыс, тоқырау, жандану  және  өрлеу.  Әр фазаның  өзіне  тән сипаттамасы, мазмұны  және  ерекшеліктері бар.

Дағдарыс – тауарлардың  шамадан  тыс  артық  өндірілу  салдарынан  бағасының  күрт  төмендеуімен, өндірістің қысқаруымен, жалақының  азайып  және  жұмыссыздықтың  көбеюімен, кәсіпорындарының банкротқа  тап  болуымен, пайда  нормасының  төмендеуімен  ақша  айналысы  мен  несие  және  қаражат  жүйесінің  ретсіздігімен, сауда  мен  нарықтың  берекесіздігімен, пайыз  нормасының  артуымен, күрделі қаржының  азаюымен  бейнеленеді.

Тоқырау – кезінде  тауарды  артық  өндіру  қысқарады, бірте – бірте  сатып  өткізу  жүзеге  асады. Бағаның  құлдырауына  тосқауыл  қойылады. Тоқыраудан босану  жолы - өндірістің  құлдырауын  тоқтату  және  шаруашылық  механизмдері  даму  факторларын  ретке  келтіру. Дағдарысты  болдыратын  жағдайлар  мен  факторларды  және  одан  шығудың, тоқырауға  ұласудың  әдістері  бола  алады. Демек, тоқырау  фазасында  дағдарыста  болған келеңсіз – кернау  саяси, әлеуметтік – экономикалық  құбылыстар  жөнделеді  және  реттеледі. Алайда  өндірістің  молаюы  байқалмайды.

Циклдік  тоқырау  бірте – бірте  өндірістің  жандану  фазасына  көшеді. Құрал – жабдықты  шығару  көбейеді  және  жұмысшы  күшіне  деген  қосымша  сұраныс  күшейеді. Жұмыссыздар  саны  біршама  азаяды, халықтың  тұтыну  сұранысы  және сатып  алу  қабілеті  біршама  өседі. Тұтыну  бұйымдарын  өндіру  молайып, дағдарысқа  дейінгі  деңгейіне  жетеді.

Жандану кезеңі  өндірістің  секірмелі  түрде  шапшаң  өсуіне  ауысады. Бұны  циклдың  өнеркәсіптік  өрлеу  фазасы деп  атаймыз.  Кәсіпкерлер  бар  мүмкіншіліктерді  түгелдей  пайдаланып  тауар  өндіру  көлемін  осы  циклдың  ішіндегі  ең  жоғарғы  деңгейге  жеткізеді. Деңгей  бұрынғы өндірістік циклдегі  деңгейден  анағұрлым  жоғары  болады. Нәтижесінде  өндірілген  тауарлардың  көлемі  мен  бұқара  еңбекшілердің  сатып  алу  қабілеттілігі  арасындағы  сәйкессіздік  кенеттен  қайта  күшейеді. өнеркәсіптің  өсу  қарқыны, сөзсіз  төлемпаздық  қабілеті  бар сұраныстың  шеңберінен  асып  төгіледі. Сөйтіп  экономикалық  дағарыс  тағы  да  қайталанады.

Экономикалық  дағдарыстың  мына  төмендегідей  түрлері  болады:  жалпы, жарым – жартылай (частичный), салалық, құрылымдық  және  аграрлық.

Жалпы  экономикалық  дағдарыс шаруашылықтың  барлық  саласын, әсіресе  өндірістің  көп бөлігін қамтиды. Ол  дағдарыс  өте  тереңдеп, ұзақ  болады.

Жарым – жартылай (частичный) дағдарыс  экономиканың  белгілі  бір  саласын  қамтиды. Мысалы: ақша  айналым  және  несие  саласын  қамтиды.бұл  кезде  өндірісте дағдарыстың болмауы да  мүмкін  және ол тәуелді  болуы да  мүмкін. Жарым – жартылай  дағдарыс  Германияда  1932 жылы  банк  саласында  болды.

Салалық  дағдарыс  бір  саланы  өнеркәсіпті, тасымалдау,  ауылшаруашылығын  қамтиды.  Мысалы  1977  жылғы  тоқымашылық  өнеркәсібінегі  дағдарыс  т.с.с. оның  болу  себебі  әр  түрлі:  құрылымдық  өзгерістер;  диспропорционалдық  ( сәкессіздік  пропорциясыз )  даму,  саладағы  артық  өндіру  т.с.с.  Салалық  дағдарыс- экономиканың  жолсерігі,  ешбір  жыл  салалық  дағдарыссыз  болған  емес.

Құрылымдық  дағдарыс өндірістік  тікелей  сәйкессіздік       (пропорциясыз ) дамуының  нәтижесі.  Бір  саланың  екінші  бір  саланың  экономикасының  ырқын  бұзып,  біржақты  дамуы.  Құрылымдық  дағдарыс  ұдайы  өндіріс циклінің  бірнеше  кезеңін  қамтуы  мүмкін.  70  жылдардағы  энергетикалық,  шикізаттар  және  азық-түлік  салаларындағы  құрылымдық  дағдарыстар. 

Аграрлық  дағдарыс. Ауылшаруашылығындағы  циклдік  дамудың  ерекшеліктері  бар.  Ауыл  шаруашылығының  дамуының  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар,  олар  тек  табиғи  немесе  техникалық  себептерден  туындап  қоймай,  сонымен  қатар  оның  қоғамдық  жағдайлармен  атап  айтқанда  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  шоғырлануының  төмен  деңгейімен,  монополияланбауынан  және  т.б.  байланысты.

Аграрлық  дағдарыс  артық  өндірудің  ерекше  түрі.  Ауыл шаруашылығындағы  дағдарыстардың  өзгешелігі  тек  өнеркәсіп  дағдарысының  осы  өндіріске  тарауында  емес,  сонымен  қатар  ол  жалпы  циклдық  дағдарыстарға  толық  сіңіспейді.  Мұндағы  дағдарыс  фазаларының  жалпы  кестесіне  сәйкес  емес.  Аграрлық  дағдарыстың  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар:

1. Аграрлық  дағдарыстар  ерекше  қайшылықтардың  дүмпуі,  ол  рентаға  және  ауыл  шаруашылығының  дәстүрлі  артта  қалуында.

2.   Аграрлық  дағдарыстардың  ұзақтығы  соншалық  ол  жалпы  артық  өндіру  дағдарысы  мен  уақыты  жағынан  сәйкес  келмейді  және  жалпы  экономикалық  дағдарыстардың  басқа  фазаларымен  жалғасады.

3.  Аграрлық  дағдарыстардың  өзіндік  кезеңдері  болмайды.  Мыссалы, XIX  ғасырдағы  циклдық  өнеркәсіп  дағдарыстары  1900,1907,1929, 1937  жылдағы  дағдарыстар  аграрлық  дағдарыстардың  бастапқы  нүктесі  бола  алмады.  Алайда  циклдық  өнеркәсіп  дағдарыстары,   әдетте,  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  едәуір  блігін  әсіресе  оның  инфрақұрылымын,  қызмет  көрсету  саласын  қамтиды.

Атап  өтетін  мәселе  аграрлық  дағдарыс  шикізат  пен  азық-түлікке  өнеркәсіп  сұранысы  циклы  қысымынан  тумайды.  Сол  ауыл  шаруашылығының  өзінде  дамитын  процестердің  негізінде  пайда  болады.     

 

       Мемлекет  экономиканы  тұрақтандыру  бағытында  антициклдық  саясат  қабылдайды.

Мемлекеттің  тұрақтандыру  саясаты – ол  макроэкономикалық  саясаттың  экономиканы  толық  жұмыспен  қамту  деңгейінде  немесе  потенциалды  өнім  шығаруға  тұрақтандыруға  бағытталған  кешенді  шаралар.  Осы  шараларды  қандай  бағытта,  қандай  механизмдер  арқылы  іске  асыру  жолдары  жөнінде  әр  түрлі  пікірлер  бар.  Олардың  сан  түрлілігі  мен  салмақтары  бірдей  еместігі  мемлекеттің  тұрақтандыру  саясатын  қабылдауға  кедергі  болмай,  барлық  циклдық  реттеу  тұжырымдамасын  екі  бағытқа  топтады:  неокейнсиандық  және  неоконсервативтік.

Неокейнсиандық  тұжырымдама  жиынтық  сұранысты  реттеуге  бағытталса,  ал  неоконсервативтік – жиынтығы  ұсынысқа  бағытталады.

 

Белгілері

Бағыты

Мақсаты

Реттеудің бағыттары

Мемлекеттің  қызметін бағалау

Неокейнсиа ндық бағыт

Сұраныс

Макроэкономи    калық реттеу

1.Салық-бюджет саясаты.

2.несие-ақша саясаты.

Мадақтау (сұранысты ұлғайтып,өндірісті ынталандыру)

Неоконсерва тивтік бағыт

Ұсыныс

Микроэкономи    каны (жеке фирма) айықтандыру

1.Несие-ақша саясаты.

2.Салық-бюджет саясаты.

Тежеу (екі бағытта да икемді саясат арқылы)

  Тұрақтандыру  саясатын  іс  жүзінде  жүргізетін  экономистер  мен  саясатшылардың  қай  бағытқа – жиынтық  сұранымға  немесе  жиынтық  ұснымға  басымдылық   бергеніне  тәуелсіз,  ең  күрделі  мәселе  экононмикалық  саясат  мақсаттарының  санымен  оны  іске  асыратын  құралдар  (инструмент)  санының  сәйкестігі.  Қысқаша  оны  төмендегідей  түсініруге  болады: үкімет  экономиканы  дәл  құлдырау  фазасында  ынталандыра  алса,  ал  дәл  өрлеу  фазасында  экономиканы  " қыздырмай  " тежей  алса.  Себебі  елдің  экономикасы  барлық  уақытта  қозғалыста  болады,  сондықтан  мемлекеттің  тұрақтандыру  саясаты  сол  қозғалыс  ырғағына  дөп  түсіп  отыра ала  ма?  Дөп  түспеуі де  мүмкін.  Қорыта  айтқанда, барлық  нарықтық  экономикадағы  елдерде  қиыншылықтарына  қарамастан  мемлекетте  тұрақтандыру  саясаты  жүргізіледі.  әрине  әр  елдің  өз  ерекшеліктеріне  байланысты  " экономиканың ұлттық  моделі"  арқылы  жүргізіледі. Себебі,  американ  капитализмі  жапондықтардан,  ал  жапондықтардан -  Қазақстанның  өтпелі  кезеңдерінің  айырмашылықтары  бар. Сондықтан,  бәрі  де  бір  бағытта  жүруі  мүмкін  емес.  Бірақ  экономиканың  циклды  даму  заңдылықтарының  негізін  білу,  әрбір  елдің  үкіметіне  макроэкономикалық  саясатты  тиімді  жүргізу  үшін  қажет.

 

  Әрбір елдің  үкіметінің ұзақ мерзімді эканомикалық саясатының  маңызды мақсаттарының бірі, ол, эканомикалық өсуге ынталандыру, оның өсу қарқынын тұрақтандыру және оптималды деңгейде болуын қолдау. Сол үшін экономикалық өсу дегеніміз не? Қандай өлшемдермен өлшенеді деген ұғымдарды анықтауымыз керек.

Ұлтық  өнім әрбір елдің эканомикасында тек қана өндірілмейді, өндірістік және  өндірістік емес тұтынған билігі қайтадан жасалады. Қазіргі нарықтық эканомикада ұзақ  мерзімде ұлттық өнімнің  ұдайы өндіріс ұлғаймалы болады. Мұндай болатын себебі ағымдағы кезеңдегі өндірілген  өнім кезеңіндегі пайдаланғаннан  көп болды. Сондықтан, ұлғаймалы ұдайы өндіріс динамикасы эканомикалық өсуді сипаттаиды.

            Жұмыспен қамту мєселесін экономиканы зерттеушілер єртүрлі кµзқараста қарастырады. Олардың негізгілеріне қысқаша тоқталып, оны талдауды оқушылардың µзіне қалдырамыз.

1. Ағылшын священнигі Мальтус “халықтың өсу” заңын қалыптастырды, ол заңға сай µндірісте тамақ µнімдерін µндіру арифметикалық прогресспен кµбейеді (1,2,3,4,5, т.с.с.), ал адамдардың µсуі геометриялық прогресспен µседі (2,4,6,8, т.с.с.). Мальтузиандықтар жұмыссыздықтың негізгі себебі осы тамақ µндірісі мен адам µсуінің арасындағы тєуелділікте – деп, адам санын “табиғи” єдістермен: соғыс, эпидемия, түрлі апаттар т.с.с. реттеуді ақтады.

2. Классикалық саяси экономия нарықты µзін-µзі реттейтін жүйе деп, онда жұмыссыздыққа мєжбүр етпейді, жұмысшының µз еркімен жұмыс істемейді: жалақының тµмендігінен, жоғарғы жалақылы жұмыс іздейді т.с.с.

3. Маркстік теория жұмыссыздық капитализмге тєн құбылыс, капиталдың органикалық құрылымының µсуіне байланысты µндірістен жұмысшылар ығыстырылады, солар жұмыссыздықтарды құрайды – деп түсіндіреді. Маркстік экономикалық теория капитализмді жаңа қоғамдық құрылыспен ауыстыру қажет деп тұжырымдайды. Олардың тұжырымдамасына сай жұмыссыздықтың ағымдағы, тоқырау жєне кµрінбейтін (аграрлық) түрлерін келтіреді.

4. Кейнсиандық теория. Кейнстің тұжырымдауынша, біріншіден, еркін бєсеке тұсындағы нарық µзін-µзі реттеуші бола алмайды; екіншіден, нарық тепе-теңдігі толық жұмыспен қамтуға кепілдік бере алмайды.

5. Неоклассикалық теорияны жақтаушыларының айтуынша “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” болу керек, одан құтылу мүмкін емес.

Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бµлігі.

Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал кµлеміне тєуелді. Сондықтан капитал кµлемінің азаюы, жұмыс күшіне – деген сұранысты тµмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-єрекетінің нєтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нєтижесінде қосымша жұмыс күшін µндіріске тарту жай жүреді жєне капиталдың органикалық құрылымының µсуінің єсерімен µндірістегі жұмысшылар қысқарады – нєтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.

Жұмыссыздықтың мына тµмендегідей түрлері бар:

Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздар. Адамдар бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге кµшеді, жұмыс іздейді, оны күтеді. Осы себептерге байланысты жұмыссыз болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы жұмыссыздар – дейді.

Сонымен, фрикциондық жұмыссыздық жұмыс күшінің объективті қажеттілікпен қозғалысына байланысты.

Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің құрылысына жұмыс орнының құрылымының сай келмеуіне байланысты болады.

Өндірістегі технологиялық µзгерістер жұмыс күшіне сұраным құрылымын µзгертеді. Жұмыс орнының жаңа құрылымы бұрыннан келе жатқан (ескі технологияға сай) жұмыс күшінің құрылымына сай келмейді, осыған байланысты жұмысшылардың белгілі бір бµлігі µндірістен ығыстырылып, құрылымдық жұмыссыздарды құрайды.

Жұмыссыздықтың жоғарыдағы келтірілген екі түріде шарасыз, сондықтан егер елде жұмыссыздықтың фрикциондық жєне құрылымдық түрлері болса, онда жұмыссыздық жоқ – деп есептеледі.

Технологиялық жұмыссыздық – ғылыми-техникалық прогресспен байланысты (ҒТП). ҒТП – жоғарғы қарқынмен дамыған кезде жұмыс орындары босайды, оның саны тез кµбейіп кетеді. Сонымен қатар ҒТП-тің ерекшеліктері де бар. Технологиялық зерттемелердің еңбек сыйымдылығы жоғары процесстеріне қызмет жасау үшін жұмыс күшін тартады. Сайып келгенде ҒТП жұмыссыздықтың µсуіне алып келеді, сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуге єсер ететін шараларды қарастыру қажет.

Циклдық жұмыссыздық – экономикалық дағдарыста µндірістің тµмен құлдыраған (спад) кезеңінде пайда болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі жалпы тұтынушы жєне инвестициялық шығындардың бірден қысқаруымен сипатталады. Тауар мен қызметтерге жалпы сұраным қысқарып, жұмыссыздық µседі. Сондықтан жоғарыдағы себепке байланысты, оны, сұраным ділгірлігіне (тапшылығына) (дефицит) байланысты жұмыссыздық деп те атайды.

Кµрінбейтін немесе маусымдық (сезондық) жұмыссыздық – белгілі бір уақытта жұмыс істеп, қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы, құрылыс, туристтерге қызмет кµрсету) немесе толық емес жұмыс күнінде жұмыс жасау.

Аймақтық жұмыссыздық – жеке аймақтарда тарихи, демографиялық, єлеуметтік-психологиялық жағдайлардың єсерінен қалыптасады. Мысалы, кµмір µндіретін µндірістің шоғырланған аймақтар. Әлемдік тєжірибе бойынша жергілікті мемлекеттік органдар бұл мєселені шеше алмайды. Оны жалпы мемлекеттік мақсатты бағдарламалар негізінде шешеді.

Жұмыссыздық оның деңгейімен µлшенеді.

Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттілер санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” – деп атайды.

Жұмыссыздық деңгейі елдің экономикалық жағдайының негізгі кµрсеткіштерінің бірі, бірақ оны µте тура кµрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі, ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты кµмек алады, соларды ғана есептейді.

Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасы жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде есептеледі.

 

 

Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” – деген ұғымды пайдаланады. Оның мµлшері µзгермелі, оның деңгейі єр елде єртүрлі 2 пайыздан 7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден асырмау бағытында іс-шаралар жүргізуге міндетті.

Әлемдік тєжірибеде Оукен заңын пайдаланады, осы заңға байланысты ағымдағы жұмыссыздық деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейінен 1 пайызға кµтерілсе ЖҰӨ потенциалды ЖҰӨ-мен салыстырғанда 2,5 пайызға тµмендейді.

Жұмыссыздықтың экономикалық жєне єлеуметтік салдары:

1. ЖҰӨ-нің кµлемі қоғамның µзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы кµлемімен салыстырғанда тµмендеуіне єкеліп соғады.

2. Халықтың єр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бµлінбеуіне соқтырады.

3. Жұмысшылар мамандығын тµмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та қалады.

Жалпы жұмыссыздық мєселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.

1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кєсіби дайындықтардан жєне қайта дайындаудан µткізуге кµмек кµрсету.

2. Әрбір єлеуметтік топтардың (єйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.

3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.

4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды єлеуметтік қорғау.

Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы µзгешелеу. Мұнда єзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр жєне оның болуы єкімшілік құқықтық жєне экономикалық факторлармен шектелуде: єлі де болса жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтатпайтын нақты тұрған еңбек нарығы болмай тұр. Мысалы, кµмір жєне тау-кен µндіру, мұнай µңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда єйелдер еңбегін қолданатын кєсіпорындар нашар дамыған, осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың үштен екісін єйелдер құрайды. Осыған сай республикада біршама іс-шаралар жүргізілді. Мысалы: 2000 ж. 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” жаңа Заңы, “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңдар қабылданып күшіне енді. Ол заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбек еріктілігіне деген конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарымен, жұмыссыздарды єлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықты жұмыспен қамту салаларындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасында 1998-ші жылы жұмыссыздар тіркеліп, олар 251,3 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде 60%-єйелдер болды. Ал, 2000-шы жылы жұмыссыздардың арнайы тіркелген саны 193,7 мың адам болды.

Тұрғындарды еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі құқықтық негіздегі, арнайы мекемелер бµлімшелерін, экономикалық тетіктер жүйесін ендіреді. Осы жағдайда мемлекет єлеуметтік саясатында міндетті шараларды жүргізуге міндетті: єсіресе, жұмыссыздарға жєрдем тµлеу, біліктілікті арттыру менжаңа жқ-ұмыс орнын құру жєне єлеуметтік саясат жєне т.б.

Жұмыссыздық мєселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы) алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен кєсіпкер арасындағы делдалдық іс-єрекет жүзеге асады.

Қазақстанда тұрғындарды жаппай жұмыспен қамту орталығы 1991-шы жылы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастады. Қазіргі кезде мұндай биржалар орны µсіп келеді. Қоғамдық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда гуманитарлық институт ретінде пайда болып, оның мақсаты жұмыссыздарға кµмек кµрсету еді. Уақыт µте келе жєне бұл елдегі еңбек қатынастарының дамуына сай олардың міндеттері мен қызметтері µзгерді. Соңғы жылдары еңбек биржасы еңбек нарығын реттеудің маңызды инструменті болып, жұмыспен қамту саясатын жасап єрі оны µмірге ендірді. Мұндай биржалардың бүгінгі кездегі негізгі қызметі мынау болып табылады: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын жєне жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру жєне жаңа дайындықтан µткізу, жастар арасында кєсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде делдалдық іс атқару жєне жұмыссыздарға жєрдем ақы тµлеу болмақ.

Мемлекет кєсіпорын жєне ұйымдар мүддесін ескере отырып биржа арқылы еңбек нарығына єсер етеді. Еңбек биржасы берген жұмысқа жолдама – кєсіпкер үшін ұсыныс болып табылады. Себебі олар кімді аламын десе де таңдау еркіне құқылы жєне µзінің кадрлар бµлімі арқылы жұмыскерді жалдауға мүмкіндігі бар.

Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары, қарастырылған. Жастар, єйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау кµзделген. Кєсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі (квотасы) белгіленген.

 

Инфляция термині латын сµзі – inflatio – вздутие – кампаю – деген ұғымды береді.

Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары солтүстік Америкада тєуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына єкеліп соқтырды. Франция 1789-1774 ж.ж. революция кезінде µндірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.

Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-да азамат соғысы кезінде (1851-1865 ж.ж.) орасан зор гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның тµлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60%-ға дейін тµмендеді.

Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын єлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша µлшемдері мµлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының  нєтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның  пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мєнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылды делік. Мұның µзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына єкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе µседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дєрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың єл-ауқатының дєрежесін тµмендетуге єкеп соқтырады.

Инфляциядан µндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің кµтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бµлуге мєжбүр етеді.

Инфляцияның себептері.

Инфляция тауар бағаларының µсуінен кµрінгенімен, ол тек ақшаға тєн құбылыс емес. Ол – күрделі єлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы µндіріс сєйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі кµптеген елдердің экономикалық µміріндегі ең µткір мєселелердің бірі.

Жалпы алғанда инфляция кµп сєйкессіздіктермен байланысты, оның ішіндегі ең бастылары:

1)        Мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан кµрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда ақша кµп шығарылып белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы кµбейеді.

2)        Экономиканы милитаризациялаумен байланысты инвестиция инфляцияны µршітеді. Ұлттық табысты єскери мақсатқа пайдалану, µндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рєсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сєтке ғана қосымша тµлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының µсуіне єкеледі. Әскери шығындардың µсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына жєне мемлекеттік қарыздың ұдайы µсуіне ұрындырады.

3)        Қазіргі нарық белгілі дєрежеде олигополиялық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бєсекелес) едєуір дєрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны µсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бєсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін µндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту жүргізетін нарықта бағаның тµмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа µндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жалпы сұраныс пен ұсыныстың сєйкес келмеуі кµмектеседі.

4)        Импорттық инфляцияның пайда болуы елдің экономикасының ашық болуы. 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан єкелетін мұнайға бағаны µсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына єкелді. «Импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине µз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бєсекелестік қабілетті тµмендетеді.

5)        Инфляция – «инфляцияны күту» нєтижесінде пайда болады. Баға деңгейінің жалпы µсуі жағдайында µмір сүруге үйренген халық, бағаның одан єрі µсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны кµбейтуді талап етеді. Халық тауарларды кµптеп алады, µйткені олардың бағасы ертең тағы да µсуі мүмкін. Өндірушілер µз µнімдеріне µте жоғары баға белгілейді, сµйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бµлшектер т.б. қымбаттайды.

Батыс елдерінің кµптеген экономистері жєне біздің елімізде де осы факторды ерекше кµрсетуде. Халық пен µндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

Батыс экономистері жасаған теорияларында инфляция болуының єртүрлі себептерін айта келе, оның альтернативті қайнар кµздері ретінде сұраныс жєне шығын инфляцияларын атайды.

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан кµрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (єскери, єлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі µндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың µсуі, µндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кєсіподақтар єрекетінің нєтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының µсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға тауар кµлемінен артық ақша түсіп, бағалар µседі. Мұндай жағдайда µндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен µндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы тµлем қаржыларының кµбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сµйтіп бағаның жалпы деңгейі µседі.

Шығындар инфляциясы бағалардың µсуін, µндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың кµбеюі баға белгілеудің олигополиялық тєжірибесінен, мемлекеттің экономикалық жєне финанстық саясатынан, шикізат бағасының µсуінен, кєсіподақтың жалақыны кµтеру талабынан жєне т.б. болады. Тєжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының µсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де кµрінуі мүмкін.

Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде µндіріс қуатын толық пайдаланбауына байланысты бағалар үнемі µсіп отырады. Мысалы, ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық µзгерістердің кезінде барлық бағалардың бірден µсуі орын алды. Мұндай құбылысты стагфляция деп атайды.

Стагфляция – экономикалық дағдарыс пен µндірістің тоқырауы (стагнация) жағдайындағы бағаның, инфляцияның µсуі.

Инфляцияның түрлері.

Инфляция бағаның µсу қарқынына байланысты үш түрге бµлінеді: жай (умеренный), қарқынды (галопирующий), ұшқыр (гиперинфляция).

Баяу инфляция кезінде баға жай µседі де (жылына 10-20%-дан аз) ақша негізінде µз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте де тµтенше жағдайға тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3% деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мысалы, 1992 жылы инфляция Францияда – 2,7%, Германия мен АҚШ-да – 3,8% құрады.

Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20%-дан 200-300%-ға дейін µседі. Соның салдарынан жалақы µсіп ол бағаның одан єрі µсуіне єкеп соқтырады.

Ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен 500-1000%-ға дейін жоғары µседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұщқыр инфляцияның таңқаларлық мысалын келтіреді.  Инфляция 1985 жылы Боливияда - 3400%, 1990 жылы Аргентинада - 2000% құрады.

Нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына байланысты инфляцияны ашық жєне жасырын деп бµледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тєн ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде кµрінеді.

Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын тµмендеуімен немесе оның µсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ашық инфляцияның нарық механизмін едєуір бұрмалағанымен єйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын кµрсетеді.

Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тєн, ол тауар тапшылығында, µнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартерлік айырбастың дамуында кµрінеді.

 

 

Сұрақтар:

1.Экономикалық цикл және оның факторлары.

2.Экономикалық циклдың фазалары мен экономикалық дағдарыстар.

3.Құрылымдық дағдарыстар.

4.Жұмыссыздық және оның түрлері.

5.Инфляция және оның түрлері.

Әдебиеттер:

1.      Нарықтық экономиканың негіздері: Оқу құралы / Б.Жүнісов, Ұ.Мамбетов, У.Байжомартов. – Алматы: Респ. баспа каб., 1994.

2.      Экономикалық теория негіздері: Оқулық / Я.Ә. Әубәкіров және т.б. Алматы «Санат» 1998 ж.

3.      Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Основы экономической теории: Учебное пособие для сред.спец.учеб.завед. – М.: Высш.шк., 1994.

4.      Амбарцумов А., Стерликов Ф. Экономическая теория Economics в вопросах и ответах. – Киров: Вятка. – Ч.1. – 1994.

5.      Мәдешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 1995.